Тележүргізуші Анна Данченко өзі жайлы тың мәліметтерді айтты

386


Отандық танымал тележүргізуші Анна Данченко Фото: https://www.instagram.com/ann_2905/желіде оқырмандарымен тілдесіп, өзі жайлы көпшілік біле бермейтін тың мәліметтерді бөлісті. БАҚ өкілі аңсаған армандары мен неден қорқатынын айтып берді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ ке сілтеме жасап.


Анна Данченко Instagram парақшасында жаңа жазба жариялап, өзі жайлы бұрын-соңды айтпаған мәліметтерді тізіп шықты.

"Мен - Аралдың қызымын, бірақ піскен балық жемеймін (нақтырақ айтқанда, "Уха" жемеймін). Жүзе алмаймын, терең судан қорқамын. Анам денсаулығына байланысты мені дүниеге әкелмеу керек еді, дәрігерлердің кеңесі бойынша. Бірақ әкем анама қолдау көрсетіп, дәрігерлерді көндірді. Бала күнімде Темір жол вокзалында балық сатқанмын. Кейін кафелерге аскөк (укроп) апарып сататынмын. Біздің тұқымда егіздер көп, әсіресе нағашылар жақта. Әр отбасыда егіз ұл мен егіз қыздар бар. Мен 10 сыныпта "АралТұз Аруы" атанып, бас жүлдеге тігілген 15 мың теңгені әке-шешеме табыстадым. Анам жиі ауырғандықтан бала күнімде дәрігер болғым келді. Мектепте оқып жүрген кезде маған бір жігіт ғашық болып, ауылдағы “вышкадан” секірем деп Аралды шулатқан. Менің есімімді Алёна деп қойғысы келіпті Ата-анам, бірақ кейін Анна деп өзгертті. Жеке кітабымды жазып бастадым. Көбіне бала тәрбиесі туралы сөз қозғамақпын. Отбасымдағы құндылықтарды ашық суреттеп жазамын", - деп жазды тележүргізуші.