Жақында тұрмыс құрған Ерке Есмахан сахнадан алыстап, әйелдік міндетіне кірісті

2 129
Әлеуметтік желіде Ерке Есмаханның жұбайы Раимның сахналық киімін дайындап, сахна артында жүрген сәті тарады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Ерке Есмахан өнер әлемінен аз уақытқа алшақтағысы келетінін айтқан болатын. Еркенің құдалығы өтіп, ұзатылғаннан кейін, оның жұбайы Раим Бақтыгереевтің еліміздің бірнеше қаласында жеке кеші өтуде. Ал Раимның жеке кешінде Ерке Есмахан сахна сыртында оған қолдау білдіруді таңдаған. Раим
Instagram желісіне жариялаған суреттен күйеуінің сахнаға арналған киімін үтіктеп отырған Еркені байқауға болады.

Желі қолданушылары әншінің бұл әрекетіне сүйсініп, жас жұбайға бақыт тіледі.

 
"Раим жарайсың! Жұрттың сөзі демей, өзіне не керек екенін шешті. Сыйластықтарың артсын. Ерке өз концертіне киімді өзі үтіктеп дайындалмаған шығар", "Бақытты болыңдар", "Еркедей Қазақстанның ең ерке, ең сұлу әншісі киімді үтіктеп жүргені де бақыт қой", "Нағыз махаббат", - деп жазды желідегілер.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.