ҚМДБ өкілі Абай Бегейдің қызының некесіне қатысты пікір білдірді

2 513

Фото: instagram.com/symbatabaikyzyҚМДБ өкілдері әнші Абай Бегейдің қызының некесіне қатысты әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа пікір білдіріп, некені мешіт имамдары қимағанын мәлімдеді. Бұл туралы Діни басқарманың баспасөз хатшысының Facebook желісінде жарияланды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


ҚМДБ өкілі Ағабек Қонарбайұлының мәлімдеуінше, неке қию рәсімі мешітте өтпегені анықталған. 

"Абай Бегейдің кәмелетке толмаған қызының некесін имам қимаған. Неке қию рәсімі мешітте өтпеген. Жастар мешіт ауласында естелікке суретке түскен", - деп жазды ол. 


Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қабылдаған "Мешіт имамдарының неке қию тәртібі" құжатына сәйкес, отбасы құрғысы келетін азаматтар әуелі АХАТ бөлімі арқылы заңды некеге отыруға тиіс. 

ҚМБД өкілдерінің мәлімдеуінше, нике қию рәсіміне болашақ ерлі-зайыптылардың ата-анасы немесе олардың заңды өкілдері қатысуы міндетті. Діни некеге ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің келісімі керек. Олай болмаған жағдайда мешітте діни неке қиылмайды.