"Баласынан кейін сондай болып қалды": Ердос Қанаевтың денсаулығы сыр берген

1 566

"Жігіттер" тобының продюсері Ерғали Әбдірайымов Ердос Қанаевтың денсаулығы туралы БазарLike бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап. 


"Денсаулығы сыр берді, иә. Қазір ол ұшаққа мінбейді. Ұшса, қан қысымы көтеріледі. Баласынан кейін сондай болып қалды. Одан бөлек, ковидпен ауырды. Қазір ол көбінесе пойызбен жүреді. 

Тек шұғыл, шетелге шығатын жағдайлар болмаса, ұшаққа мінбейді. Моңғолияға, Түркияға бардық концертпен. Сол кезде мінді ұшаққа. Бірақ ауырады. Қан қысымы көтеріледі, басы ауырады. Қиналады. 

Қазақстанның ішінде көбіне пойызбен жүреді", - деді Әбдіраймов.


Сондай-ақ Ерғали Әбдірайымов топ мүшелері Айдар Тұрғамбаев пен Мырзахан Махановтың отбасылық жағдайларына да тоқталды.


"Айдарға келсек... Айдардың да бірінші әйелі әп-әдемі. Өздері махаббатпен үйленді. Бірақ енді білмейміз ғой. Араларына кірмедік, шыны керек. Кейін өздері тіл табыспады. Бірақ қолымыздан келгенше қосуға тырыстық. Араларында қыз бар. 11-ге кеп қалды. Екеуі келісе алмай, соңында ажырасып кетті. Қазір екеуінің де отбасы бар. Өмір деген әрі қарай өтіп жатыр. Тоқтап жатқан жоқ. 


Мырзаханда да сондай жағдай болды. Дүркіретіп той жасадық алты алашқа. Бес-алты жылдай тұрды. Араларында сәби болмады. Бірінші себеп сол деп ойлаймын. "Мен енді қашанғы жүремін", - деп... Алланың сынағы, әрі-бері күтті. Әрі қарай арасына кірген емеспіз, шынын айтайын. Бірге болса, бастарын қосуға тырыстық. Мырзахан жақтан құдаларымыз да жақсы жігіттер еді. Жастар ажырасып кетсе де, аралары суымады деп ойлаймын. Өмірдің сынағы шығар. 


"Жас емессің, 35-ке келдің. Болмаса, үйлен. Болмаса, Алланың сынағы деп, келінмен қайта қосыл", - деп әлі де айтамыз Мырзаханға", - деді продюсер.