Атышулы Айжан Байзақова анасына қымбат көлік сыйлады

317
Желіде ашық образдарымен танылған Айжан Байзақова анасының туған күнінде оған ерекше тосын сый жасады. Блогер ару 58 жасқа толған анасына қымбат көлік тарту еткен.

Бұл туралы Айжан Байзақованың анасының Instagram парақшасынан белгілі болды. Туған күн иесі өзін құттықтаған барша жандарға алғыс айтып, балаларының өзіне тарту еткен сыйлығын көрсетті.


 "Туған күніммен. Жас деген бар болғаны сан ғана, өмір енді ғана басталуда. 58 жасымда қандай сұлу әрі бақытты екенімді түсініп тұрмын. Барлық құттықтауларыңызға рахмет. Енді менің өзімнің жеке көлігім бар. Балаларыма рахмет", - деп өз қуанышымен бөлісті блогердің анасы. 


Желі қолданушылары бірден Байзақованың анасын жаңа жасымен құттықтап, өз ақ тілектерін жаудырды. Олар атышулы блогердің мұндай игі әрекетіне тәнті болып, оған да мақтау сөздерін жолдаған. 


"Құтты болсын. Осындай қуаныштарыңыз әрдайым көп болсын", "Балаларыңыз жараған екен. Мұндай көлік арзан тұрмайды", "Туған күніңіз құтты болсын. Бақытты болыңыз. Перзенттеріңіздің қызығына тоймай жүре беріңіз", "Қандай бақыттысыз. Қуанышты сәттеріңіз көп болғай", - деп жазуда көпшілік. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.