Үкілі бала Ерболсын жаңа үйленген әйелімен ажырасып кеткенін айтты

808

Ел арасында Үкілі бала атымен танылған Ерболсын Серікбаев әйелімен ажырасып кеткенін айтты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап. 


18 жастағы Ерболсын Серікбаев сүйіктісін кездестіріп, отау құрғанын айтқан еді. Емші бала жастығына қарамастан ерте шаңырақ көтеруге асықты. Алайда әйелімен жарастығы алысқа бармаған. Оның себебін өзі түсіндіріп берді.

“Ол Адайдың қызы. Ақтауда тұрады. Ата-ананың рұқсатын алып, бас қостық. Бірақ заң жүзінде үйленген жоқпыз. Шілде айына дейін бірге тұрдық. Дубайда жүргенде құрсақтағы баладан айырылып қалдық. Мүмкін сол да әсер еткен болар. Әйел баласынан айырылғанда күйзелісте жүреді. Ол да күйзеліске түскен шығар. Арамыз суи бастады. Сезіміміз суи бастағандай. Бір-бірімізге басқаша қарай бастадық. Сыйластығымыз жоғала бастады. Солай екі жаққа кеттік. Жақсы көрмесек, бірге қинап тұрған оңай емес”, – деді емші бала. 

Ерболсын бұрынғы әйелімен мүлде хабарласпайтынын айтады. Екінші рет отбасын құруға асық емес. 

“Бұл ойланып барып қабылдайтын шешім. Мен қазір үйлену туралы ойлап жүрген жоқпын. Әлі жаспын. Алдағыны Алла біледі. Әйеліммен сол күйі хабарласпай кеттім. Екі жақта жүргеніміз дұрыс шығар. Екеуміз де жаспыз. 18 жасымызда үйлендік”, – деді Серікбаев.