"Білгендеріңді істеңдер!" Блогер Ырысбала Икрамбай өзін сынағандарға жауап берді
Танымал блогер Ырысбала Икрамбай әлеуметтік желіде өзін сынап, түрлі әңгіме таратқан адамдарға жауап берді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Блогер Instagram парақшасында жариялаған жазбасында өзі туралы айтылып жүрген өсек-аяңға тоқталып, ешкімнің алдында ақталуға міндетті емес екенін жеткізді.
“Мен туралы өтірік, өсек айтып, атақ жинағысы келгендер – білгендеріңді істеңдер! Маған бәрібір. Адал екеніңді Алла білсе болғаны емес пе? Ақталма деген ұстанымда қаламын. Мен туралы өсекті өзімнен естіңіздер”, – деп жазды ол.
Сондай-ақ Ырысбала Икрамбай қайырымдылық қызметіне қатысты айтылған сындарды да назардан тыс қалдырмады.
“Сен міндет қылып қайырымдылықпен айналыспай-ақ қойшы деп едіңіздер. Жақсы, мен қойдым. Қане, енді қайсысы қолға алды? Өз қолынан ештеңе келмейді, өз өмірінде түк бітірмейді, бірақ біреуге ақыл айтып, біреуді түзеп, бөгет болу – наданның ісі”, – деді блогер.
Ол өзін сынайтын адамдарды өзгелердің ісіне араласқанша, қоғамға пайдалы іспен айналысуға шақырды.
Қаз
Рус






