50 блогер 2,5 миллиард теңге табыс тапқанын растап, салық төлеген

2 737

Фото: companies.rbc.ruҚазақстанда блогерлерге табысын декларациялауға қосымша уақыт берілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Бұл туралы қарды вице-министрі Ержан Біржанов айтты.


"Бүгінде 50-ден аса блогер 2,5 миллиард теңге табысын көрсетті. Олар бойынша салық төленді. Қалғандарына қосымша 30 күн уақыт берілді. Наурыздың соңына дейін тексеріп, ақпарат ұсынамыз", – деді вице-министр. 

Айта кетсек, бұған дейін мемлекеттік кірістер комитеті блогерлер 53,3 миллиард теңге табысын жасырып қалғанын айтып, оларға ескерту жолдағанын мәлімдеген еді. Блогерлер 2022-2023 жылдардағы табысы үшін салық төлемегені жайлы хабарлама алған. Блогерлердің сөзіне сенсек, тізімге 8 мыңға жуық адам қосылған. Ал көрсетілген сома бірнеше миллионнан миллиард теңгеге дейін жетеді.  


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.