Ақбота Сейтмағамбетке сөз салған актер жігіттің өз отбасы бары белгілі болды

1 379
Ақбота Сейтмағамбетке сөз салған актер Шерхан Пірназардың отбасылы екені белгілі болды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Ақбота Сейтмағамбет пен Шерхан Пірназардың махаббат хикаясы ел аузында сөз болды. Әріптесі, актер, тележүргізуші Шерхан Пірназар Ақботаға көңілін білдіріп, сөз салды. Ал әнші оның сақинасын таққанымен, жауабын айтқан жоқ. 

Ел арасында бұл оқиға қызу талқыға түсті. Бірі мұны хайп десе, енді бірі жарасымды жұп деп пікір қалдырды. 

Ал енді бірі актердің өз отбасы бар екенін айтып жатыр. Олар актердің Айжан есімді жары, Әдемі есімді қызы барын алға тартты. Актер желіде қызына арнау жазып,  туған күнімен құттықтады.  

“Уақыт –  ешкім тоқтата алмайтын алып кеме. Сол кеменің жүрісімен сен де өмір толқындарымен араласа, арпалыса, балалық шақ жағалауына қол бұлғап, адам өмірінің көктемі жастық шаққа да келіп жетерсің.
Өмір шуағы мен дауылы, қайғысы мен сауығы, жеңілі мен ауыры қатар алмасқан алпауыт. Өмірмен күресіп жеңе білгендер де, жеңіліп жетегінде кеткендер де бар. Сен солардың алғашқысына қосыл. Өмірде кездесетін сан қилы ауырлықтар мен қиындықтарды ақылмен, сабырмен жеңе біл. Аспан бұлтсыз болмайды, демек адам өмірінің де бұлтты күндері болар. Бірақ, қызым, өміріңнің шуақты күндері көп болсын. Аңсаған арманына тек бақытпен жет”, – деп жазды актер әлеуметтік  желіде қызымен түскен суретін жариялап.

“Арзан хайп секілді”, “Жалпы бұларға осындай хайп жараспас еді, отандық телеарнаның деңгейі солай түсіп кеткен бе?”, “Ақбота тағы бір отбасын бұзып жүрмесін”, “Бәрі бақытты болса екен”, “Арзан әзіл екені көрініп тұр ғой”, – деп жазды желі қолданушылары.