Наркенже Серікбаева мен филармония басшысы келісімге келді

1 652

Фото: Видеодан скринӘнші Наркенже Серікбаева Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның басшысы Ғалымжан Ерназаров арасындағы келіспеушілік өз шешімін тапты ,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Олар бір-бірімен татуласып, ортақ келісімге келгенін мәлімдеді.

«Армысыздар, Қазақ елі! Кешелі бері маған жанашырлық танытып, қолдау білдіріп жатқандарыңызға, рахмет! Алла разы болсын! Бүгін мекемеге келіп, арнайы әкімшіліктен комиссия құрылып, Ғалымжан Ерназаров екеуміз бір-бірімізді түсіністік.  Бір-бірімізден кешірім сұрадық», - деді Н. Серікбаева

Филармония басшысының сөзінше, аталған мәселе бойынша арнайы комиссия келіп, екі тараптың арыз-талабын қарастырыған.

«Кешеден бері резонанс тудырған мәселе үшін кешірім сұраймыз! Әрбір үйдің мәселесі өз ішінде қалуы тиіс еді. Енді елге тарап кеткеннен кейін облыстық мәдениет басқармасынан және әкімшіліктен комиссия келді. Олар екеуміздің талаптарымызды, өтініштеріміз қарады. Бір-бірімізге қоятын мәселе жоқ. Ешқандай дау-дамай және мәселені ушықтырып керек емес», - деді  Ғ. Ерназаров.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.