Еркебұлан Тоқтар таеквондодан тарихи алтын алған спортшыға көрімдік берді

2 506

Фото: instagram/erkebulan_toktarММА файтері, актер Еркебұлан Тоқтар 2026 жылғы жазғы Азия ойындарында тарихи алтын медаль жеңіп алған таеквондошы Темірлан Тілеулесті құттықтап, оған 100 доллар (шамамен) көлемінде көрімдік берді, - деп хабарлайды Opennews.kz   ақпарат агенттігі.

Танымал файтер жас спортшымен кездескен сәттің видеосын Instagram парақшасында жариялады.

Темірлан Тілеулес Жапонияда өткен 2026 жылғы жазғы Азия ойындарында 58 келіге дейінгі салмақта бақ сынады.

Ол жарыс барысында Оман, Иран және Оңтүстік Корея спортшыларын жеңіп, финалға жолдама алды. Шешуші белдесуде қазақстандық таеквондошы Филиппин өкілі Курт Брайан Барбосадан 2:0 есебімен басым түсті.

Осылайша, Темірлан Тілеулес жазғы Азия ойындарының тарихында таеквондодан алтын медаль жеңіп алған алғашқы қазақстандық спортшы атанды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.