Орамалымды ешқашан шешпеймін– Мөлдір Әуелбекова

563
Отандық әнші Мөлдір Әуелбекова «Қазақконцерт» мемлекеттік ұйымының басшылығынан таққан орамалы үшін қысым көргенін айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Тыңдармандарымен бір сәт сырласқысы келген әнші әлеуметтік желі қолданушыларының сұрағына жауап берді. Өнер иесінен тыңдарманы «Қазақконцерттен кетіп қалдыңыз ба? Қызметіңіз не болды?» деп сұраған.
«Басшылық: «Орамалыңды шеш немесе жұмыстан кет», – деді. Бірақ мен кетпедім де, шешпедім де. Қазір ресми декреттік демалыстамын. Бұйырса, шығамын әлі», – деп жауап берді ол.


Онымен қоймай, әнші орамалды өмірінің соңына дейін тағатынын жеткізді.


«Бұл өмірде мәңгі ешкім өмір сүрмеген, сүрмейді де. Орамалым, бұйырса, ақыреттік», – деді ол.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.