Жан Ахмадиев өзінің тастанды екенін мәлімдеді

4 789

Фото: https://www.instagram.com/zhan_ahmadiev/Рэпер Жан Ахмадиев балалық шағына қатысты даулы мәлімдеме жасады. Ол бала кезінде ата-анасының тастап кеткенін, өзге адамдардың қолында тәрбиеленгенін айтты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Ахмадиевтің бағдарламада өзі туралы айтқан мәлімдемесі желідегі пабликтерде тарап кетті. 


"Мені асырап алған. Мен бірақ қазір әкемді иттің етінен жек көремін. Ол мені кішкентай кезімде беріп жіберген. Баланы тастауға болмайды. Жағдайды жасап алғаннан кейін, ол шалдың маған керегі не? 
Бауырыңнан бөлініп шыққан баланы тастау деген безбүйректік. Мен оған кезінде керек болмағанда, ол маған қазір не үшін керек? Ол адамның болашағыма еш қатысы жоқ. Мені басқа адам асырады. Әкемнің есімі - Амангелді, сол кісінің арқасында адам болдым. Сол кісіні пір тұтамын, құрметтеймін", - деді Жан Ахмадиев.


  

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.