Роза Рымбаева, Сәкен Майғазиев бастаған әншілер Алматыдағы тойда көзге түсті

376

Фото: видеодан скриншотӘлеуметтік желіде Роза Рымбаева, Сәкен Майғазиев, Айдана Меденова және Жанболат пен Жазира сынды әншілердің қатысуымен өткен тойдың видеосы тарауда. Аталған фактіні мониторингтік топ зерттеп жатыр.
Видеоның карантин кезінде түсірілгенін Сәкен Майғазиевтің сөздері растайды.
 
"Той тойға ұлассын!.. "Сәуір болмай тәуір болмайды" дейді. Ереке кешегі күннен бастап, сәуірден бастап, тәуір күндеріміз бастала берсінші", - деп ақ тілегін арнайды Сәкен Майғазиев. 

Бұл жайтқа қатысты пікір білдірген Алмалы ауданының мониторингтік тобы аталған фактіні зерттеп жатқандарын мәлім етті. 

"Қазір біз мекеме әкімшілігімен бірлесіп өткізілген іс-шаралардағы бейнематериалдардың архивін зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз", - дейді мониторингтік топ өкілдері. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.