Мақпал Жүнісова алаяқтарға алданып қалды

2 578

Макпал ЖунусоваХалық әртісі Мақпал Жүнісова интернет алаяқтарының құрбаны болды. 60 жастағы әнші WhatsApp желісінде өзінің атынан жалған сілтеме жіберіліп жатқанын ескертті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


"Алаяқ біреу осындай хабарлама таратып, алдап жатыр екен. Сенбеңіздер! Менің WhatsApp желім бір тәулікке өшті", - деді Мақпал Жүнісова.


Ал кейінірек әнші видео жариялап, ешқандай сілтемеге өтіп, дауыс бермеуге шақырды. 


"Құрметті, халайық! Менің жазылушыларым ешкімге сенбеңіздер. Ешкімге дауыс бермеңіздер. Менің телефоным бұзылып, WhatsApp аккаунтым істемей қалды. Оның үстіне ақша шешіп алған. Ешкімге сенбеңіздер. Мен дауыс беруді сұрайтын конкурсқа қатысып жатқан жас әнші емеспін. Осыдан алаяқтарды тапсам, аямаймын. Басын жарамын! Бассыздық қой", - деді Жүнісова Instagram желісіндегі парақшасына салған видеода. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.