Айгүл Иманбаеваның күйеуіне арналған жазбасынан кейін түрлі болжам айтылуда

2 578

Фото: instagram.com/aigul_imanbayevaТанымал әнші Айгүл Иманбаева күйеуін туған күнімен құттықтап, қызу талқыға қалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Өнер иесі бүгінде жолдасымен Америкада тұрып жатыр.

“Бүгін – менің жүрегімнің иесі, асыл жарым Ерлан Болатұлының туған күні. Жаным, сені кездестірген тағдырыма алғысым шексіз! Маған еркелеуді, нәзік болуды, махаббаттың не екенін ұғындырғаныңа, мені сүйген жүрегіңе мың алғыс! Бақыттың бақшасында бірге өмір сүрейік", – деп жазды ол.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптыға бақыт пен ұзақ ғұмыр тіледі. Енді бірі әншінің жүкті екенін жарыса жазып жатыр. 

"Жүкті болған жарасады екен”, “Айгүлдің бақытты болатын сәті келді”, “Үнемі бір-біріне еркелеп жүреді”, Аяғыңыз ауыр сияқты", "Екеуіңіз сондай керемет жұпсыздар", "Айгүл ханым жыл өткен сайын жасарып жатыр", деп жазды көпшілік.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.