“Күйеуімнің назарын ғана емес, қаражатын да алдың”: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбекованың жазбасына жауап берді

2 522

Фото: Instagram.com/bagym_m / moldir.auyelbekovaПродюсер Бағым Мұхитденова әнші Мөлдір Әуелбековаға әлеуметтік желіде жазба арнады. Бұған әншінің желідегі пікірге берген жауабы себеп болған, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Желі қолданушыларының бірі Мөлдірге "Моля, ұстазыңызбен достасыңыз" деп жазған. Әнші оған "Құдай сақтасын, бетін аулақ" деп жауап берген. Осыдан кейін Бағым Мұхитденова өз парақшасында ұзақ жазба жариялады.

Продюсер әншіні "шәкіртім" деп атап, үнсіздігін әлсіздік деп қабылдамауға шақырды. Оның айтуынша, Мөлдір Әуелбекова ақылға тоқтайтын жасқа жетсе де, артық сөз айтып, орынсыз әрекет жасап жүр.

 "Құдайға шүкіршілік айтып отырып, сол құдайдың “жақсылық жасаған адамға алғыс айт” деген аманатының орнына “бәлесінен аулақ” деуің дұрыс па? Қазақ сахнасына есік ашып бергенімді ұмытып, “бәріне өз күшіммен жеттім” деуің дұрыс па?" – деп жазды Бағым Мұхитденова.

Ол Мөлдірдің кезінде өз шаңырағында тұрғанын, қазақ сахнасына шығуына көмектескенін айтып, бүгінде сол жақсылықтың ұмыт қалғанына реніш білдірді.

"Адал асымды ішіп, шаңырағымда тұрып, бетіме күліп, артымнан сатқындық жасағаның дұрыс па? Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатын алып қойғаның дұрыс па? "Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш" деген халықпыз, мен бәрін кештім, сол сәтте қайтадан құйтырқы мінезіңді көрсетуің дұрыс па?” – деп жазды Бағым Мұхитденова.

Бағым Мұхитденова жылдар бойы ренішін ішіне сақтап, үнсіз келгенін айтты. Ол әншінің өзін құрбан ретінде көрсеткеніне де наразылық білдірді.

“Жылдар бойы өз жарамды өзім таңып, үндемей, іштей жылап қана келемін. Менің күйімді біле тұра, өзіңді құрбан қып көрсетуің дұрыс па? Тәубә мен тәрбиені тілге тиек етсең, ендігәрі біз жаққа қарап сөйлеме. Сонда мен де жұмған аузымды ашпаймын. Дәл осы ән сені Елге танытты, атақ әкелді, әлі күнге дейін табыс әкеліп отыр. Сондықтан, қайдан шыққаныңды, кімнің арқасында танылғаныңды ұмытпа…”, – деп жазды продюсер.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.