Әнші Гүлзира Бөкейхан дүниеден өтті

2 558

Фото: htpps://www.instagram.com/gulzirabokeihanБелгілі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлзира Бөкейхан 57 жасында дүниеден озды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Суыт хабарды Дүниежүзі Қазақтарының Қауымдастығы жеткізді. 

“Марқұмның отбасы, туған-туыстарына, жақындарына, қазақ еліне қайғыра көңіл айтамыз!

Қытай елінен атажұртқа көшіп келіп, қазақ даласын әнге бөлеген, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, күміс көмей әнші Гүлзира Бөкейханның дүниеден өткені туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдадық.

Гүлзира Бөкейхан – шет елде жүріп-ақ қазақтың қасиетті ән өнерін сақтап, елге оралған соң ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан бірегей жан еді. Ол Қытайда туып-өскен қазақтар арасынан алғаш болып елге танылған өнер жұлдызына айналып, халқымыздың мәдени мұрасын жаңа белеске көтерді.

Марқұмның асқақ үні, сахнадағы дара болмысы, ел мен жерге деген шынайы сүйіспеншілігі халық жадында мәңгі сақталады. Гүлзира ханым Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы ұйымдастырған көптеген игі шараларға әрдайым қолдау көрсетіп, шетелдерге жасалған сапарларда бірге болып, қазақ өнерін төрткүл дүниеге танытуға сүбелі үлес қосты”, – делінген хабарламада.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.