Әнші Альбина Шардарова екінші сәбиін күтіп жүргенін растады

722

Фото: видеодан скриншотОтандық шоу-бизнестегі жарасымды жұлдызды жұптардың бірі саналатын Бауыржан Сатов пен Альбина Шардарова жақында тағы да балалы болмақ. Әнші ару екінші сәбиін күтіп жүргенін қалың көпшілікке жария етті.

Ерлі-зайыптылар болашақ перзентінің жынысын анықтау үшін арнайы гендер-пати ұйымдастырған. Олар өміріндегі бақытты сәттерінің көрінісімен Instagram желісінде бөліскен.

 Жұлдызды жұп өз парақшаларында видео жариялап, екінші перзентін күтіп жүргендерін растады. Олар барша отбасылық достарының басын қосып, солардың көзінше болашақ сәбиінің жынысын анықтаған. Ерлі-зайыптылар тағы да қызды болмақ. 

Желі қолданушылары Альбина Шардарова мен Бауыржан Сатовты жарыса құттықтап, өз ақ тілектерін жаудырды.

 "Бақытты болыңдар", "Қандай керемет жаңалық", "Бастысы дені сау болсын", "Салиқалы ұрпақ болсын", "Альбина аман-есен бөпеңді бауырыңа ал", "Қуаныштымыз", - деп жазуда көпшілік. 

Алайда, кейбір оқырмандар болашақ перзентінің қыз болатынына жұлдызды әкенің аса қуанбағанын байқап қалған. Олардың сөзінше, шар ішінен қызғылт түс шыққанда Сатовтың қатты эмоцияға да берілмеген. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.