Ләйлә Сұлтанқызы ақшасын қайтармай жүргендерді атады

2 522

Фото: sultankyzy/instagramТележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіде қарыз алып, ұзақ уақыт бойы қайтармай жүрген адамдар туралы пікір білдірген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Ол өз жазбасында қарызды уақытында қайтармау мәдениетінің қалыптасып бара жатқанына алаңдаушылық білдірген.

«Осы деймін да, неге қарызға ақша алғандар завтраками кормят? 1 ай кешіктірсе түсінем, бірақ 1 жыл, 2 жыл, 5 жылдап бермей жүргендер оқып отырсаңдар, сәл ұялсаңдаршы… Уже өз ақшаңды сұрауға ыңғайсызданады екенсің. Әлде аттарын атап тұрып, жазайын ба? Көбін танисыздар», – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Желі қолданушылары жүргізушінің пікірін қолдап, қарызды уақытында қайтару мәселесі қоғамда жиі кездесетінін атап өткен. Кейбір оқырмандар мұндай жағдайға өздерінің де тап болғанын айтып, пікір қалдырған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.