Көпшіліктің көзіне түспейтін Бейбіт Қорғанның гонорары қанша?

3 246
Әнші Бейбіт Қорған дүние-мүлікті бірінші орынға қоймайтынын айтты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Бұл туралы өнер иесі "1001 түн" бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Бағдарлама барысында жүргізуші әншіден 

Біреу өзінің қуанышына шақырғысы келсе, қаншалықты қолжетімдісіз?, - деп сұрады. 


Ал әнші дүние-мүлікті бірінші орынға қоймайтынын ашып айтты. 

Негізі ұстанымым дүние-мүлікке байланысты адам емеспін. Талай адаммен араласамыз. Көз алдымда кедей адам байға айналды, бай адам кедейленді. Өз басым адам таңдамаймын. Дүние-мүлікті бірінші орынға қоймаймын. Бірақ кейде қарапайымдылығыңды әлсіздікке санайды. Алдап кететіндер болады. "Концертіңді жасап беремін" деп алдап ақша алады. Ел-жұрт сияқты барып, өлең айтып келгенімізге миллион теңгедей аламыз. Эконом-класспен ұша береміз, халықтың арасында жүре береміз. Тыңдармандарым қатты сыйлайды, құрметтейді. Мені көтерген қазақ халқы, сондықтан сол халқыма қызмет етемін, - деді Бейбіт Қорған.