"Өзім би, өзім қожа": Ерке Есмахан үй шаруасымен айналыспайтынын айтты
714
Отандық әнші Ерке Есмахан Instagram парақшасында бүгінде үй шаруасымен мүлдем айналыспайтынын жеткізді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
"Иә, мүлдем жасамаймын. Жасайтын адамдар бар. Неге жасамайсың деп ренжіп жатқан ешкім жоқ. Өзім қожа, өзім би. Мен үй жұмысы, тазалық, ас үйдің шаруасы, қонақ күтуге мықтымын. Тек еңбектеніп, табыс тауып, өзімді ештеңе істемейтін дәрежеге жеткіздім. Шүкір. Ақша төлесең, қазір бәрін жасап береді. Ал бір күйеудің шаруасын шешермін, уайымдамаңыздар", - деді Ерке Есмахан.
Желі қолданушылары әртістің бұл шешіміне қатысты екі түрлі ой білдірді. Бірі оны толығымен қолдап жатса, енді сынап тастады.