Ерке Есмахан үйлену тойының болмайтынын айтты

1 419

Ерке Есмахан көпшілікке үйлену тойының болмайтынын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ерке Есмахан желіге той көйлегімен түскен суретін жариялады. Мұны көрген желі қолданушылары үйлену тойдың да ауылы алыс емес деп болжады.


“Ортақ шешіммен той жасамаймыз деп шештік. Отбасының бақытты болуы дүркіретіп той жасаған немесе жасамағанына қарамайды. Алла бұйыртса отбасымыздағы басқа тойларды жасауға дайынбыз”, – деп жазды әнші.



Өнер иесі үйде ерке келін, жеңге, әйел екенін айтып, барлық отбасы мүшелері өзін айналып-толғанатынын жасырмады.


“Атам “Еркежан” дейді, мамам “қызым”, қайныларым “тәтей апа”, ұлым “мама” дейді. Күйеуім өмірде қандай еркелету сөз бар болса, соның бәрін айтады, шексіздік”, – дейді Ерке Есмахан.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.