"Күлпаш" рөлімен танылған актердің әйелі жылдар бойы пәтер жағалағанын айтты

2 534

Фото: https://ernur.kz/Көпшілікке танымал "Күлпаш" рөлін сомдайтын Берік Тұрсынбековтің әйелі Қарлығаш Тұрсынбекова жылдар бойы жалдамалы пәтерде тұрғанын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Актриса "Менің өмірім" бағдарламасында Шымкент қаласынан үш бөлмелі пәтерді ипотекаға алғанын баяндап берді.


"Үйленген жылдары Құрмаш деген кісінің үйінде тұрдық. Пәтер жалдап тұрдық. Пәтер жалдаудың патшайымы едім. Кешеге дейін пәтер жағаладық. Қазір ипотекаға пәтер алдық. Үш бөлмелі үйіміз бар, оны жасырмаймын. Шымкент қаласынан 15 жылға алдық. Әлі төленбеген екі жылы бар. Аман болсақ, баламыз үйленгенше төлеп бітетін шығармыз. Менің анам мен әкем Шымкентте тұрды. Сол кезде үйге барсам, нан мен шай алсам болады ғой. Бірақ бармайтынмын. Ештеңе білдірмейтінбіз. Берікке қарап, махаббатқа мас болып жүре беретінмін", - деді Қарлығаш Тұрсынбекова.