Қазақ актері шетелдің сериалында басты рөлде ойнайды (ВИДЕО)

373
Францияның Канн қаласында халықаралық сериалдардың Canneseries-2022 фестивалі ашылды,-  деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның ашылу рәсімінде басты рөлде қазақ актері Данияр Алшынов ойнаған «Инфинити» сериалының 1-сериясы көрсетілді. Бұл фильмге Алшыновтан басқа, Самал Есләмова да түскен.

Фильмде ғарыштық бағдарламадан шеттетілген француз астронавты Анна Зарати мен жұмыстағы басшылығына қарсы шыққан қазақ полицейі Иссак Тұрғынның өмірі көрсетілген. Олар Халықаралық ғарыш стансасы мен «Байқоңыр» айлағына қатысы болған америкалық астронавттың жұмбақ қазасын зерттейді.

Фильм Қазақстан, Франция және Украина елдерінде түсірілген. Ал Ресей «Байқоңыр» ғарыш айлағында сериалды түсіруге рұқсат бермеген.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.