"Қыран өкініп жатқан шығар": Ерекше образдағы Айжұлдыз Адайбекованы ел танымай қалды

565
Отандық танымал актриса әрі дизайнер Айжұлдыз Адайбекова желіде ерекше образын паш етіп, қалың көпшілікті қатты таңғалдырды. Оқырмандар стилін жаңартқан аруды танымай қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Айжұлдыз Адайбекова жаңа образымен Instagram желісін шулатты. Жас ана ерекше фотосессиясын бөлісіп, елдің қызу талқысына қалды. Әртістің сөзінше, үстіндегі киімді ол үшін арнайы тіккен.

Желі қолданушылары Жанар Айжанованың қызын суреттерден бірден тани қоймаған. Олар Айжұлдызды мұндай кейіпті көріп үйренбегендерін алға тартты.

Оқырмандардың бір бөлігі өнер иесінің жаңашылдыққа деген ұмтылысына тәнті болып жатса, енді бірі оның фотоларын ерсі деп санаған. Олар Адайбекованы аяғын көкке көтеріп түскені үшін сынап тастады.

 Ал кейбір жандар тіптен жалғызбасты ананың бұрынғы күйеуін сөз еткен.


"Бұл шынымен сен бе? Танымай қалдым. Қалай күшті жарасады саған", "Недеген грация. Керемет Айжұлдыз", "Қандай әдемісіз. Сізге бәрі жарасады", "Көптеген қыздарға үлгісіз ғой", "Недеген образ, көз ала алмай жатырмын", "Қыран өкініп жатқан шығар", "Аяғын көкке көтергені қате болды", "Ұят қой", - деп жазуда халық. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.