"Ашық бейнемді көрсетпесе екен" - Мөлдір Әуелбекова
741
Бүгінде орамал тартып, жабық киініп жүрген әртіс бұрынғы клиптерін көргісі келмейтінін айтты, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Мөлдір Әуелбекова ашық образдағы бейнебаяндары халық арасында ұмытылып, көп көрсетіле бермесе екен деп тілейді. Бұл туралы ол "1001 түн" бағдарламасында айтты.
Оған қоса өнер иесі орамалға қалай келгені туралы айтып берді. Ол өз нәпсісімен бес жыл бойы күресіп барып, осындай шешімге келген.
Мөлдір Әуелбекова ашық образдағы бейнебаяндары халық арасында ұмытылып, көп көрсетіле бермесе екен деп тілейді. Бұл туралы ол "1001 түн" бағдарламасында айтты.
"Сол бейнебаяндарды көрсетпесе екен деген ниет бар. Ол Youtube желісіне таралған. Әр түрлі парақшалар бар дегендей. Өздеріңіз де білесіздер ғой. Кейбіреуі қасақана көрсетуі мүмкін. Барлығына бірдей ешқандай тыйым сала алмаймын. Әрқайсысын қай жерден іздеп табамын? Парақша деген көп қой. Әрине, көрсетпесе жақсы", - деді әнші.
Оған қоса өнер иесі орамалға қалай келгені туралы айтып берді. Ол өз нәпсісімен бес жыл бойы күресіп барып, осындай шешімге келген.
"Желіден орамалсыз түскен барлық суреттерімді өшірдім. Бәрі өткінші. Халық еңбекті былай-ақ көріп отыр. Халықтың алдында өстік. Сол себепті ешқандай қимастық жоқ. Бұл жеке басымның шешімі, өзімнің қалауым болды. Саналы түрде өшірдім. Мен бес жыл бойы ниеттеніп жүріп, орамалға келдім. Мен дайындықпен келдім. Халық мен орамал киген кезде ғана намаз оқып бастады деп ойлады. Негізі мен дін жолына келгеніме жеті жыл болды. Мен бес жыл бойы нәпсіммен күресіп барып, саналы түрде осы шешімге келгенмін. Шығармашылығыма әсер етті. Жұмысымда қиындықтар болды. Телевизияда кедергі болды. Бірақ, менің орамалым ештеңеге де кедергі емес деп ойлаймын. Әнімді сүйген халық мені қалай бар солай қабылдайды. Қазір бәрінің көзі ашық, шүкір үйренді.Халыққа менің бейнем емес, өнерім маңызды деп есептеймін", - деді Әуелбекова.