Әнші Индира Елемес: Арман Дүйсенов далада емес, зауытта қайтыс болғаны дұрыс болды
Танымал әнші Индира Елемес әлеуметтік желідегі парақшасында композитор Арман Дүйсеновтің өлімі туралы сұхбатына байланысты өзін сынап жатқандарға жауап берді,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Өнер иесі “Астарлы ақиқат” бағдарламасына берген сұхбатындағы сөздері үшін пікір білдіріп, бағдарлама редакциясына тек студияда ән жазғанын жеткізгенін айтты.
«Ол кісінің өлімі туралы маған не керегі бар? Барлық әнші көрді, біледі. Бағдарламада “зaуытта қайтыс болды деп мәлімдеді”, бірақ мен бөлмеге кіргізбедім. Арман студияда ән жазды, мен тек соны айттым», – деді Индира Елемес.
Әнші бағдарламаны эфирге шығару үшін марқұмның отбасынан рұқсат алу керегін де ескерткенін атап өтті. Сондай-ақ, ол бұрынғы күйеуі Иманмәди Кәлелхан мен марқұм арасындағы қаржылық мәселелерге қатысты да тоқталды.
Индира Елемес өзінің жақсылық жасау ниеті сынға ұшырағанын да бөлісті:
«Жақсылық жасаймын деп ғайбатқа ұшыраймын деп ойламаппын. Арман ағаның далада емес, зауытта болса да, жылы жерде жан тапсырғаны дұрыс болды», – деді әнші.
Айта кетейік, бұған дейін Индира Елемес марқұмның соңғы сәтінде жанында болғанын айтып, жүрегі тоқтап, студияда қайтыс болғанын жеткізген.
«Таңғы 9-дар шамасында кетті. Соңғы демі қалғанша екеуміз студияда ән жаздық. Ақиқаты – осы», – деді ол.
Индира Елемес композитордың отбасынан бөлек тұрғанын да жасырмады.







