«Тұрсынбектікінен де әдемі»: әзілкеш Бауыржан Ибрагимов тоқалын көрсетті

3 081

Танымал әзілкеш, «Бауыржан шоу» әзіл-сықақ театрының жетекшісі Бауыржан Ибрагимов көпшілік алдына үшінші әйелі және ұлымен бірге шықты,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі оларды алғаш рет жұртшылыққа таныстырды. Ибрагимов үшінші жұбайы мен баласын Шымкент қаласында өткен тойлардың біріне ертіп барған. Сол жерде түсірілген бейнежазбалар әлеуметтік желілерде тарап, көптің назарын аударды.

Жарияланған видеолардан кейін желі қолданушылары арасында қызу пікірталас өрбіді. Көпшілік әзілкештің жеке өміріне қатысты түрлі көзқарастарын білдіріп, әртүрлі пікір қалдырған.

Пікірлер арасында әзілкештің таңдауына қатысты салыстырулар мен сын айтқандар да болды. Кейбір желі қолданушылары үшінші жұбайының сырт келбетіне назар аударса, енді бірі қоғамдағы тоқал алу  мәселесіне қатысты ой қозғады.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.