Танымал әнші Абай Бегей отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті

2 548

Фото: ©instagram.com/fari___za____zhan/Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында сегізінші рет әке атанғанын айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

Танымал әнші Абай Бегей қызды болды. Ол осымен сегіз баланың әкесі болып отыр. Мұндай сүйінші жаңалықты әнші мен жары - Фариза бірігіп хабарлап, Instagram  парақшаларына жазба қылып жариялаған.

 Фото:© instagram.com/fari___za____zhan/

Жазбаның астында 2 мыңнан астам пікір жазылған. Бұл жаңалыққа қуанған оқырман бауы берік болсын деп құтты болсын айтып жатыр. Әншінің бірінші некесінен бір ұл, үш қызы бар еді. Екінші жары Фаризадан екі ұл, екі қызы бар. 

“26.03.2026.ж   Сүйінші, Алланың қалауымен 8-ші рет әке атанып жатырмын! Дүниеге тәп тәтті бесінші ханшайымым келді”, - деп жазды ол.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.