Жас әнші Данэлияның жаңа суреттері жұртты шулатты

656
Әлемге танымал байқаулардың қатысушысы 15 жастағы  Данэлия Төлешованың әлеуметтік желіге салған суреттері  оқырмандар арасында қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Есімі халықаралық байқаулардан әлемге танымал болған Данэлия Төлешова өзінің Instagram-дағы парақшасында жанкүйерлерінің түрлі эмоцияларын тудырған бірнеше жаңа суреттерін жариялады.

Санаулы сағаттардың ішінде суреттер көптеген «лайк» жинап, біршама адамдарға ұнады. Арасында жүрегін ұсынып, «Маған тұрмысқа шық!» дегендері де болды.
Дегенмен, әншінің бұл кейпін ұнатпай, оған «нәзік бала қалпында қалғаны жақсы еді» деген пікір жазғандар да кездесті.