"Көк тиын таппадық". Қайрат Нұртас АҚШ-та өткен концерт туралы айтты

645

Белгілі әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова ұлының АҚШ-та өткен концертінен көк тиын таппапты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Экспресс К тілшісі продюсерге қоңырау шалып, неге миллиондап ақша таба алмағанын сұраған еді. Продюсердің айтуынша, үлкен алаңда концерт қою үшін арнайы рұқсат қағазын алу тиіс екен.

Әнші желтоқсан айында АҚШ-тың Чикаго, Нью-Йорк және Филадельфия штаттарында жеке кешін өткізген еді.

Біздің негізі мақсатымыз ақша табу емес. Үлкен алаңда концерт ұйымдастыру үшін АҚШ-та жарты жыл тұруың керек. Оның үстіне салық төлейсің. Рұқсат алуың керек. Бұның бәрі өте ұзақ мерзімді қажет етеді. Біз небәрі бір аптаға ғана бардық,— дейді продюсер.

Сондай-ақ Гүлзира Айдарбекова әзірге АҚШ-тың шоу-бизнесін зерттеп жүргенін айтты.

Жақында АҚШ-тың үш қаласында ғана өнер көрсеттік. Бізге мейрамханаларға кеш өткізуге рұқсат берді. Алайда Қайраттың фанаттары оны он қалада күткен еді,— дейді Гүлзира Айдарбекова.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.