Америкадағы қазақтар Иманбекке өз ренішін жеткізді

308

Танымал қазақстандық диджей,  “Грэмми” сыйлығының иегері Иманбек Зайкенов шетелдегі қазақтардың сынына қалды. Наразы болғандар концертінде орнына басқа біреу өнер көрсеткенін жеткізген, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.




АҚШ-та тұратын қазақстандық азамат желіде отандасының Коста-Месадағы (Калифорниядағы қала) концертіне барғанын айтқан. Алайда айтуынша, концертте Иманбектің орнына өзге біреу өнер көрсеткен. 


Иманбектің өзінің “егізімен” әлдебір келісімі бар сияқты. Ол оның орнына ел алдына Қазақстанның туын жамылып шығады. Концерттегі америкалықтар оның Иманбек емес екенін білмейді де” – деп жазды ол


Қазақстандық өзін “алдап түсіргендерге” наразы болды. Концерт билеттерінің құны алдын ала сатып алсаңыз 25 доллар (12 мың теңге) болған, ал кеш болатын күні алсаңыз 50 долларға (24 мың теңгеге жуық) тең, дейді ол.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.