"Ешкім ажырасамын деп үйленбейді" Әнші Еркеш Хасен алғаш рет мәлімдеме жасады

1 520

Фото: instagram.com/erkesh.khasenЖыл басында әйелінің көзіне шөп салып, қызын тастап кетті деп айыпталған танымал әнші Еркеш Хасен алғаш рет мәлімдеме жасаған,- деп хабарлайды Оpennews.kz  ақпарат агенттігі.

Өнер иесі осы уақытқа дейін көпшіліктің “жала” сөзіне шыдап келгенін, алайда қызына қатысты да өсек-аяң тарай бастаған соң, пікір білдіремін деп шешім қабылдағанын жеткізген.

Ол қызын ешқашан тастамағанын және тастамайтынын баса айтқан.

“Қанша уақыттан бері елдің өтірік айтқан жалаларын жұтып келдім. Бірақ бұл сасық әңгімеге кінәсіз баламды араластырғандарыңыз үшін жазып тұрмын. Бір айтарым, мен қызымды ешқашан тастаған емеспін, тастамаймын да! Соңғы демім қалғанша қызыма қамқор боламын. Мен камераның алдына барып, отбасыма қатысы жоқ адамға отбасым жайлы айтып отырмаймын. Менің қызымды да, қызыма деген махаббаттан туған әнімде де ешкім тартып ала алмайды”, – деп жазды ол.

Әнші сондай-ақ әңгімесі арқылы ажырасқаны туралы сыбысты растап, бұл мәселеге қатысты мүлде сұхбат бермейтінін жазған.

“Ешкім ажарасамын деп үйленбейді. “Ұлың болса, ұрыға күлме” дейді. Сіздер үйреніп қалған сценарийге сүйенсек, мен бір журналиспен отырып, осыны талқылау керек екенмін. Кешіріңіздер, мен талай жақсы күндерді бірге өткізген адамды елдің алдында әңгіме қылып отырмаймын. Екеуміздің арамызда болған нәрсе әуелі Аллаға, сосын тек екеумізге мәлім. Осымен әңгімені доғарайық!” – деп жазды ол.