Дариға Бадықова "Моанаға" баратын қазақтарға ренжіді

2 755

Фото: instagram.com/dariga_badykovaТанымал продюсер, актриса Дариға Бадықова халыққа үндеу жасап, ренішін жеткізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Өнер иесінің “Таптым-ау сені 2” фильмі жарыққа шыққан еді. Сонымен қатар голливудтық "Моана" мультфильмінің де екінші бөлімі қазақ тілінде көрерменге жол тартты.

“Моанаға" барып "позор" болып отырмайық. Бөтен елге ақшаны жіберіп, оларды байытуды қойғанымыз дұрыс. Ашығын айтамын. 27 қарашада “Моанаға” барған қазақтар болды. Бірақ оларды сөкпеймін. Тек қандай қазақ екенін түсінбеймін. Сондықтан байыса қазақ байысын. Ештеңе жоқ”, – деді актриса. 

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, өнер иесінің сөзіне қарсы шығып жатыр. 

“Бұл сөзі дұрыс емес”, “Әркімнің өз қалауы бар”, “Дариғаның бір киносын көрген емеспін”, “Осы сөзі үшін “Моанаға” барамыз”, “Бас-аяғы жоқ кино екен”, “Бәсекелестік болмаған сала дамымайды”, “Мені байытыңдар деп отыр ма?!”, – деп жазды көпшілік. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.