Леди Гаганың концертіне 2 миллион адам жиналған

2 124

Фото: Stringer/Daniel Ramalho/AFPБразилиялық полиция танымал әнші Леди Гаганың концертінде лаңкестік әрекеттің алдын алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Полицияның мәліметінше, сенбі күні Леди Гаганың концерті кезінде Рио-де-Жанейродағы Копакабана жағажайында лаңкестік әрекет жасалмақ болды.  Жексенбі күні полиция теракт ұйымдастырды деген күдікпен ер адам мен жасөспірімді ұстады.  Леди Гаганың концертіне кіру тегін болғандықтан ән кешіне екі миллионнан астам адам жиналған. 

Рио-де-Жанейро штатының азаматтық полициясы Бразилияның әділет министрлігімен бірлесіп жүргізген тергеу нәтижесінде күдіктілер қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды іске қосуға дайын орындаушыларды жалдамақ болғаны анықталды.

“Шабуылды жоспарлаған топ әлеуметтік желілерде жағымсыз пікірлер таратқан. Бұл пікірлер негізінен балаларға, жасөспірімдерге және ЛГБТ қауымдастығына қарсы бағытталған”, – делінген хабарламада.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.