Қазақстандық блогердің видеосы Instagram-ның ресми парақшасында

1 520

Фото: https://www.instagram.com/bydastann?Танымал қазақстандық саяхатшы-блогер Дастан Мұхамедрахимнің видеосы Instagram-ның ресми парақшасында жарияланды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Видеода блогер Қазақстанның кең даласында еркін серуендеп жүрген сәттерін көрсетті. Instagram-ның ресми парақшасының жазылушылары саны 696 миллионға жетеді. Ал видеоны әлемнің әр түкпірінен миллиондаған көрермен тамашалады, қаралым саны 37,5 миллионнан асты. Роликке пікір қалдырғандар арасында танымал тұлғалар да бар.

Дастан Мұхамедрахим – Қазақстанның табиғи сұлулығын әлемге танытып жүрген блогер. Оның парақшасында Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалы, Алтын-Емел мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Алматы облысының көрікті жерлері мен басқа да табиғи ландшафттар бейнеленген.