Әнші SADRADDIN мен Рухия Байдүкенова Қытайда өткен фестивальде өнер көрсетті

2 315

Фото: Маржан ОмарШЫҰ елдерінің өнер және жастар әні фестивалінде Қазақстанның атынан SADRADDIN мен Рухия Байдүкенова өнер көрсеткен.

Қытайдың Циндао қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің мәдениет министрлерінің 22 кеңесі аясында өнер және жастар әні фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, – деп хабарлайды  "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Іс-шараның мақсаты – Шығыс пен Батыс арасындағы мәдени байланыстарды дамыту, ұлттық дәстүрлерді насихаттау және ШЫҰ елдері арасындағы достықты нығайту.

Фестивальде Қазақстан атынан «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары Садраддин Болат (SADRADDIN) пен Рухия Байдүкенова қатысты.

Ашылу рәсімі жастар ән кеші форматында өтіп, ШЫҰ елдерінің мәдени әралуандығын айшықтады. Сахнада әртістер поп, джаз, опера және аспаптық музыка жанрлары бойынша өнер көрсетті.

Айта кетейік, 2025 жылдың 7 шілдесінде Қытай Халық Республикасында ШЫҰ-ға мүше елдердің мәдениет министрлерінің 22 кеңесі өтті. Қазақстан делегациясын бастаған Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, ШЫҰ-ның мәдени диалогты дамытуға және гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтуге арналған маңызды халықаралық алаңға айналғанын айтты.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.