Әміре өзіне қатысты "шудан" кейін Дұғалованың видеосын бөлісті

400
Отандық танымал әнші Әміре өнердегі әріптесі Жанар Дұғалованың суретіне пікір қалдырамын деп, желіні әбден шулатты. Оқырмандар қос әншінің арасында махаббат сезімі болуы мүмкін екенін болжады. "Кешью" тобының бұрынғы мүшесі бұл жайында үнсіздік сақтаса, "Маска" шоуының қатысушысы елді одан бетер қызықтыра түсті.

Әміре өзін Жанар Дұғаловаға қосқан көпшілікті одан бетер ойландырып қойды. Өнер иесі желідегі кішігірім шудан кейін Instagram парақшасында "Кешью" тобының бұрынғы солисінің видеосын бөліскен. 


Бейнежазбада Дұғалованың ұялы телефонға қарап, сөйлеп отырғанын көруге болады. Айта кетерлігі, автор видеоның дауысын өшіріп тастаған.


 Желі қолданушылары бұл жайттан кейін қос әншінің қарым-қатынасын одан бетер қызу талқылауға көшті.