"6 жыл бойы ұлымның диагнозымен күрестік": Рүстем Жаныаманов алғаш рет отбасы туралы сұхбат берді

2 577

Фото: ашық дерек көзіОтандық кино жұлдызы, актер Рүстем Жаныаманов алғаш рет жұбайы мен балалары туралы айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Актердың жары Жанаргүл Жаныаманова да талай киноларда бой көрсетіп жүрген актриса. Қос жұп өнері мен өмірлері туралы сыр шертті. 


“6 жыл бойы тұңғышымыздың дертімен күрестік. Бір-бірімізге тек күш беру арқылы ғаан ол дертті жеңдік. Өйткені оңай болған жоқ. Мұндай жағдайда көп отбасы ажырасып кететін еді. Мысалы, әкесі бүкіл жауапкершілікті әйелдің мойнына артып қойып, ізім-қайым жоқ боп кетеді. Ол енді таза сатқындық деп ойлаймын. Олай жасамау керек. Қаншалықты сынақ түссе де, өзің таңдаған адаммен өмірдің соңына дейін бірге болу керек екен”, – деп ауыр күндерді еске алды актер. 

Өнер иесінің айтуынша, алғашында баласының ауруына мән бермеген. Тұңғышының сырқаты өмірлік сабақ болғанын да жасырмайды.  


“Басында мұрны қанай бастады. Бұл белгіге көбісі мән бермейді. Біз де мән бермедік. Ал ол кезде бала тіпті балабақшаға бармауы керек екен. Біз дәл сол кезде жұмыс бабымен оны балабақшаға бергенбіз. Балабақшаға екі ай барды. Ол одан сайын асқынып кетті. Бірақ мен сол дертке рақмет айтамын. Ол бізге көп нәрсені үйретті. Білім алдық, үлкен ізденісте болдық. Бізде үлкен рухани даму болды. Осы дерт басымызға түскенде біздің қарым-қатынасымыз жаңа деңгейге көтерілді. Бір-біріміздің қадірімізді ұғындық, одан сайын жақындап, қолдай түстік. Ерлі-зайыптылар бір-бірін сынақсыз-ақ түсіне білуі тиіс. Қадірлеу үшін, сезімің күшею үшін дерт, сынақ дегенді күтпеу керек” – дейді актриса.