Әнші Айқын төрт баласына Алматыдан үй алып берген

627
Елімізге танымал әнші Айқын Төлепберген төрт баласына Алматының қақ ортасынан үй алып берген деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бүгінде екі отбасынан 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отырған Айқын Төлепберген балаларының болашағы үшін тынбай еңбек етуде. Өнер иесі төрт бүлдіршінін бөліп-жармай, барлығына бірдей қамқорлық танытады. Ол балаларының әрқайсысына жеке-жеке пәтер алып, баспанамен қамтамасыз етіп қойғанын айтады. 

"Үлкен ұлыма үй алып бердім. Балаларыма жасаған ең үлкен сыйлығым - төртеуінде де Алматы қаласында пәтер бар", - дейді ол. Естеріңізде болса, бұған дейін Айқын Төлепберген мен жұбайы Жұлдыз Өмірғали Мәскеудегі Третьяков галереясында Брежневтің фонында сүйіскен сәтімен бөлісіп, ел ашуын тудырған болатын. Шулы оқиғаға қатысты жұлдызды жұп кейін пікір де білдірген еді. Айтуларынша екеуінің сүйісіп түскен суреті желіде мұндай үлкен резонанс тудыратынын олар білмеген екен.
Десе де Жұлдыз Өмірғали жолдасымен сүйісіп суретке түсудің еш әбестігі жоқ деп, көптің ашуын туған жайтқа қатысты өз ойын ашық жеткізген еді. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.