Актер Жахан Отарғалиев қазіргі жағдайы туралы айтты

2 535

Фото: instagram.com/zhahan_utargaliyev/Танымал актер Жахан Отарғалиев біраз уақыт үнсіздіктен кейін байланысқа шығып, өзі үшін алаңдаған оқырмандарына қазіргі жағдайын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұған дейін өнер иесі сырқаттанып қалғанын айтқан болатын, 


Жахан Отарғалиев елімізде су тасқыны орын алған бойда туған жері Орал қаласына барып, жерлестеріне қолынан келгенше көмектесті. Алайда актер бұл сапары кезінде сырқаттанып, үйінен шыға алмай жатып қалған болатын. 


Өнер иесі денсаулығы сыр бергенін Instagram парақшасында хабарлап, біраз уақыт бойы байланысқа шықпай қойды. Арада бірнеше күн өткен соң Отарғалиев желіде жаңа жазба жариялап, өзі үшін алаңдаған оқырмандарына қазіргі жағдайы туралы айтты.


Актер бүгінде қасиетті Мекке қаласына жүр. 


"Аллаға шүкір, менде бәрі тамаша, денсаулығым жақсы болды. Жаймен жаңа жобаның жұмысын бастадым. Бұйыртса мамырда кастинг болады. Бұл кино ерекше болмақ. Көп сұрақтың жауабын сол кинодан біле аласыздар. Ал менің толық жазылуыма шығуыма "Ихтикаф" себеп болды", - деп жазды ол.