«Дариға Бадықова ісі бойынша сотта басым түстім»: Танымал заңгер тосын мәлімдеме жасады
Заңгер Инга Иманбай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында актриса Дариға Бадықова қатысқан сот процесінде өз пайдасына шешім шыққан, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, бұл сот отырысына ол журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың заңды өкілі ретінде қатысып, оның мүддесін жан-жақты қорғаған.
Дариға ханымның соттағы талабы қандай болды? 2025 жылғы 4 қазандағы YouTube-тағы сұхбатты шындыққа сәйкес келмейді деп тану, видеоны өшіру, айтылған сөздер үшін жария түрде кешірім сұрату, 1 000 000 теңге моральдық зиян өндіру, 2 500 000 теңге заңгерлік шығынды және 802 128 теңге сараптама ақысын өндіріп беру. Яғни материалды жою, журналист пен экс күйеуін жауапкер ету, кешірім сұрату және 4 миллион теңгеден астам қаржыны өндірту туралы талап қойылды.
Сот бұл талаптардың барлығын толық қанағаттандырусыз қалдырды», – деп жазды заңгер.
Инга Иманбай бұл сот ісінің өзі үшін ерекше мәнге ие болғанын атап өткен.
Оның сөзінше, журналистика және құқық бағытындағы кәсіби білімі аталған процесте маңызды рөл ойнаған.
Сонымен қатар, заңгер сот талқылауы кезінде нақты құқықтық уәждерге және халықаралық тәжірибеге арқа сүйегенін мәлімдеген.







