Дана Нұржігіт құпия сақталған сұхбатын жарыққа шығарды

2 523

Фото:© видео скриншотДана Нұржігіт бұрын жарияланбаған сұхбатын YouTube-та бөліскенін айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sn.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Бұл подкаст менің архивімде бір жыл жатты. Бата алмай, кейінге қалдырдым, себебі бұл - менің өмірімдегі ең шынайы, ең қиын әңгіме: анаммен болған диалогым. Сізде де солай ма? Біз сырттай мықтымыз, кәсіби маманбыз, жүздеген адамға жол көрсетеміз. Бірақ анамыздың алдына келгенде - кішкентай, қорғансыз балаға айналамыз. Неге ең жақын адамға жүрегімізді аша алмаймыз? 

Неге маңызды сөздер айтылмай қалады? Бір жыл бойы іштей пісіп, бүгін жарыққа шыққан подкастта біз:

- Ана мен бала арасындағы «көрінбейтін қабырғаны» қалай бұзамыз?

- Өткен күннің өкпесін кешірімге қалай айналдырамыз?

- Анамызды тек «ана» емес, тағдыры бар «әйел» ретінде тану неге маңызды?

- Есейгенде анамыздың батасын алудың нағыз құдіреті неде?

Мен бұл видеоны жариялап өз «әлемімді» аштым. Бұл — сіздің де анаңызға барар жолыңыздың бастауы болсын. Уақыт барда, мүмкіндік барда айтыңыз: «Мен сізді жақсы көремін». Сұхбаттың толық нұсқасын менің YouTube арнамнан көре аласыздар", деп жазды Дана Нұржігіт. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.