"Ажырасуға барып қалып жүрміз": Қарақат Әбілдина күйеуі Қыдырәлімен неге дұрыс болмай жүр?

2 003

Танымал әнші Қарақат Әбілдина отбасындағы жағдайды тілге тиек етті- деп хабарлайды   «Opennews.kz» ақпарат  агенттігі  Caravan.kz медиа порталына сілтеме   жасап.

Әнші кең үй салып жатқанын оқырмандарынан жасырмады. Үй салу, жөндеу жұмыстары кезіндегі қызықты әрі келеңсіз жайттармен бөлісті. 

"Демалғым келеді, Стройка жібермейдііі - деген сурет болып тұр.Биылғы жаздың қалай өте шыққанын да білмей
қалдық. Әне-міне дегенде оқу басталады. Жөндеу жұмыстары, көшу-қону деген оңай емес екен.
Салмағын бір адамдай сезініп жатырмыз. Бұрын біреу әзілдеп айтып еді: Ремонт біткенше
жолдасыңмен бірнеше рет ажырасып қосыласың, - деп...Сол демекші отағасымен кейде барып- барып
қаламыз да, кері қайта қоямыз.
Орекеңедер мұны “Приятные хлопоты” дейді, бала-шағамен
алаңсыз өсіп-өнетін үй болсын деген тілек қой біздікі. Арасында баратын жерлеріміз бар, сөйтіп
жүргенде жаздың соңғы айына да жетіп қалыппыз. Уақыт қандай жүйрік
",- дейді   әнші. 

Жылда жазда балаларын теңізге апарып, денелерін тұзға пісіріп, арнайы уақыт бөлетінін тілге тиек етті. 
Әншінің айтуынша, балалары суға түсіп, демалуға үміттерін үзбей жүргендерін айтты. Өнер иелері әзірге оған уақыт таппай жатыр.


"Үй салғанға бола ажырасып кетпеңіздер, бәрі жақы болады", "Әйтеуі байлықтарын айтып қалады, өзіміз үйсіз жүрсек", "Демалу керек, сіздер үлгілі отбасысыздар"- деп жазды оқырмандар. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.