“Бір жарнамадан 6 миллион таптым”

296

Блогер Жека би арқылы өнерге келіп, бағын сынады. Кинода роль сомдап, актер атанды. Вайндар түсіріп, табыстың көзін тауып көрді. Көпке танылып үлгерген блогер табысы мен жұмысы жайлы айтты. 


Бұл туралы блогер TABOO бағдарламасында айтты.


Жеңіс Омаров Мәскеу мен Алматының әртүрлі қала екенін айтады. Адамдарды да, табысы да, ақша табу жолдары да әртүрлі. Блогердің ең көп тапқан ақшасы 6 миллион теңге.

 

“Алматыда 22 жасымда бір компаниямен айына 1 миллион теңгеге шарт жасасқанбыз. Жылына 12 миллион теңге. Ол менің жасым үшін жақсы ақша болды. Бұл бір компаниямен келісім. Ал Мәскеуде бір жарнама үшін шамамен 6 миллион теңге алдым. Жарнамадан ең көп алғаным сол”, – деді ол. 



Блогер би әлемі арқылы, музыкаға келген. Кейін фильмдерге түсті, блогерлікті қолға алды. Қазақ тілін 4 айда үйренген. Бұған мұғалімдерден бөлек анасының ықпалы көп. 


“Мен өте ерке бала болдым. Тіпті қазақша бір сөз түсінбедім. Орыс сыныбы мен қазақ мектебінің айырмашлығы көп. Мені анам 2-сыныпта қазақ сыныбына ауыстырып жіберді. Ондағы мұғалімдер бір сөзді білмесең, басыңнан ұратын. Одан бөлек анам түнімен отырып маған қазақша үйретеді. Солай жүріп мен 4 айда қазақша сөйлеп кеттім. Қазір екі тілде де еркін сөйлеймін. Алғаш биге құмарттым. Музыкаға жақын болдым. Шығармашылыққа жақын болдым. Сөйтіп жүріп, блогерлікке келдім”, – дейді Жека. 



Блогер өзінің дамуына үлес қосқан анам деп біледі. Ал өзінің дүниеге қызықпайтын адам екенін айтады. 

“Анам маған жүкті кезде көп классикалық музыка тыңдаған екен. Содан мен де музыкаға жақын болдым. Жалпы анам мені қай салада болсын қолдады. Менің өскенімді, білгенімді қалады. Мен ерекше жақсы көрген, маған көмектескен адам – анам. Мен ақша жинаған адам емеспін. Көлік алып, үй алып көрмеппін. Бір пәтерім бар. Анам жүретін көлік бар. Өзімнің көлігімді қағып тастағанмын. Басқа артық ақшам жоқ”, – дейді ол. 

Блогердің басы бос. Алайда сырттай ұнататын ару бар көрінеді. 

“Басым бос. Адамым жоқ. Бір қызды жақсы танимын. Сол қыз керемет әйел болар еді деп ойлаймын. Бірақ арамызда ешнәрсе жоқ. Тек жақсы араласамын”, – деді Жека.