"Тойға тек ең жақын адамдар ғана келеді"

697

Alzabi тобының әншісі Заңғар Нұртас Алматы қаласында  үйлену тойын дүркіретіп өткізді, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Заңғар Нұртас пен жары Жібектің үйлену тойы өтті. Ұлан-асыр тойда әнші, актрисалар мен өзге де өнер өкілдері, дос-жарандары мен ағайын-туыс бас қосты. 

Үйлену тойға Жұлдыз бен Қайрат Нұртас бірге келді. Олар жас жұбайларға неке сақинасын тақты. 

Тойды көпке белгілі әзілкеш Елдос Қадірханов басқарды. Тойдағы үзінді кадрлар желіде тарады.

Заңғаржан, келінжан, мен сендерді жақсы көрем. Әрдайым қолдауға, қорғауға дайынмын. Жүздеріңнен күлкі кетпесін. Өзімнен асқан бақыт тілеймін. Бақытты болыңдар”, – деді Қайрат Нұртас


Бақытты болыңдар. Тойларың құтты болсын. Құттықтаймын. Керегелерің кең, терезелерің тең болсын”, – деп тілек білдірді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Желі қолданушылары ақ тілегін арнап жатыр. 

Бәрі бақытты. Жұлдыз келіп барлығын бақытқа бөледі”, “Енді келіп тұрған келінді құшақтап бауырға тарту керек еді ене болғасын. Бұл Жұлдыздың талай отбасылық тарихыңыздың куәсі ғой”, “Өте қуаныштымын, көңілім де, көзім де тойып тұр, отбасы бақытын тілеймін”, “Қуаныштарың құтты болсын, Қайрат пен Жұлдызды, балаларды бірге көріп қатты қуанып отырмын”, “Керемет, мың жылдық құда болуды Алла нәсіп етсін”, “Ия, нағыз ана! Келіндерін қызындай жақсы көру, балаларына барынша қамқор болу - үлкен жүректілік”, “Жас келінмен жарысып енесі ақ көйлек кигені ұят бопты. Тойда қалыңдықтан басқа ешкім ақ көйлек кимеу керек”, “Заңғарды уйлендірдік. Қайрат пен Жұлдызды қостық, халайық, енді демалайық. Гулзира апай риза шығар бізге”, “Жастар бақытты болсын”, – деп жазды желідегілер.