Күйеу баласын келін етіп, отқа май құйдырған актер "Тука" сын астында қалды
2 701
Танымал актер Нұржан Төлендиевтің қызына сырға салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Дәл қазір Нұржан Төлендиевтің шаңырағында өткен дүбірлі думанның видеолары ғаламторға тарап кетті.
Видеоға зер салсақ, Нұржан Төлендиев бүкіл жақындарының басын қосып, дүркіретіп сауық-кеш ұйымдастырған.
Алайда қыз ұзатқан әулеттің күйеу баланы қарсы алу сәтіндегі ырымдар жұртқа жақпай қалған көрінеді. Әлеуметтік желіде тараған бейнекадрда "Туканың" туыстары күйеу жігіттің бетіне ұн жағып, оған отқа май құйғызғанын анық аңғаруға болады. Дәл сол сәт желі қолданушыларының ашуын тудырған.

Нұржан Төлендиевтің қызына сырға салынды, - деп жазды видео авторы.
Видеоға зер салсақ, Нұржан Төлендиев бүкіл жақындарының басын қосып, дүркіретіп сауық-кеш ұйымдастырған.
Алайда қыз ұзатқан әулеттің күйеу баланы қарсы алу сәтіндегі ырымдар жұртқа жақпай қалған көрінеді. Әлеуметтік желіде тараған бейнекадрда "Туканың" туыстары күйеу жігіттің бетіне ұн жағып, оған отқа май құйғызғанын анық аңғаруға болады. Дәл сол сәт желі қолданушыларының ашуын тудырған.
"Сұмдық! Жігіт бетіне май жағып жатыр ғой. Ұят-ай, олай дұрыс емес қой", "Май емес, ол ұн", "Жігіт отқа май құя ма?", "Келін отқа май құятын еді. Күйеу бала құйған қай жердің салты?", - деп сынады халық.