Мақпал Исабекова қиналып жүргенін ашып айтты

2 535

Фото: instagram.com/makosyai/Өнер иесі «2024 жыл өте қиын басталды» деп, оқырмандарына  көңіліндегі мұңын шақты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Бірақ мен мықты боламын. Өйткені кім үшін және не үшін ешқашан берілмей, тік тұратынымды білемін», - деді Instagram парақшасында танымал әнші.


Мұнысы рейтинг көтеру мақсатында айтылған кезекті хайп па, әлде шынайы ішінен жарылып айтқаны ма, белгісіз. Десе де жанашыр оқырмандарынан «тек қана ажырасып жатырмын демеңізші, ажырасып жатқан жоқсыз ба» деген сауалдар қарша борады.


Онсызда  халық арасында  өнер иесінің ажырасып кеткені жайлы қауесеттер бұған дейін де тараған еді. Бірақ Мақпал Исабекова ажырасуға ниетті емес екенін айтты.



«Қыздар менің бақытыма орай ма, әлде өкінішке орай ма бұл өмірдегі уайымның барлығы ер адамдармен ғана байланысты емес. Әсіресе менің өмірімде. Біз ажырасып жатқан жоқпыз, ажыраспаймыз да. Қиындықтар бар. Бұл бәрінде бар жағдай емес пе? Бұл өмір. Ал отбасылық өмірде тіптен түрлі дүние болады», - деп жазды әнші.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.