Жанель Мақажанға сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасады

616

Фото:https://www.instagram.com/janellemakajan/Отандық танымал актриса Жанель Мақажан жақын арада екінші мәрте тұрмысқа шықпақ. Өнер иесінің сүйіктісі оған үйленуге ұсыныс жасап, оның "иә" деген жауабын алды.


Бұл қуанышты жаңалықты жұлдызды қалыңдықтың өзі әлеуметтік желіде бөліскен. Жанель Мақажан Instagram парақшасында ғашығының жасаған ұсынысы кезінде түсірілген суреттер мен видеоны жариялап қойды. 


"Мен "иә" дедім. Жаным, сені қатты жақсы көремін. Алла разылығы үшін сүйемін", - деген жазба ақалдырған өнер иесі. 


Актрисаның сүйіктісі батыл қадамды Алматы қаласындағы қымбат мейрамханалардың бірінде жасаған. Ұсыныс жасауға оған Жанель Мақажанның бірінші некеде туған балалары да көмектескен. 


Бейнежазбадан алдымен өнер иесінің перзенттерінің сөйлеп жатқаны көрініс тапты. Артынан киножұлдыздың ғашығы оны ортаға алып шығып, одан мәңгілікке өзінің жары болуын сұрайды. 


Қос ғашықтың қуанышты сәтіне Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидаш куә болды. Олар ұсыныс жасалған мейрамханаға барып, оған барынша атсалысты.